#
#
Сенбі 07/12/2019

Медициналық сақтандыру қорына сәуір айында 9,5 млрд теңге түсті

  • 07.05.2019
  • 0
  • 800

Биылғы сәуір айында Медициналық сақтандыру қорына аударылған жарна мөлшері 9,5 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ.

2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 30 сәуіріне дейінгі аралықта Қорға 167,2 млрд теңге түсті. Аударымдарды жүйе іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар, сондай-ақ жұмыс берушілер аударған.

Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 94,8% немесе 158,5 млрд теңгесі жұмыс берушілерге, 5 проценттен астамы немесе 8,7 млрд теңге - жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санатқа тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерік басқару туралы келісімшарт бекітілген.  

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар