04 қаң, 2017 сағат 18:42

Мәжіліс депутаттары Шахандағы апаттан жапа шеккендерге бір күндік жалақыларын аударады

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары өздерінің бір күндік табыстарын Шахтинсктегі Шахан ауылында үйдің құлауынан зардап шекккендерге аударады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің сөзінше, 4 қаңтарда Палата Бюросы бір күндік еңбекақыны Қарағанды облысындағы Шахан ауылында болған төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге көмек қорына аудару туралы шешім қабылдады. 

Мұның алдында Қарағанды облысының әкімдігі көпқабатты тұрғын үйдің құлауы кезінде қаза болғандардың отбасына миллион теңгеден, ал зардап шеккен отбасыларға 500 теңгеден жәрдемақы төленетінін айтқан. 

Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.

Бүгін қаза тапқандар жер қойнына тапсырылды.