26 мау, 2019 сағат 09:50

Мәжіліс депутаттары каникулға кешірек шығады

Мәжіліс депутаттары каникулға 10 күн кеш шығатын болды. Дәстүрлі түрде 1 шілде демалысқа кететін депутаттар бұл жолы 10 шілдеге дейін жұмыс істемек. Бұл туралы депутат Василий Олейник бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап беру кезінде айтты.

«Біз сессияны 10 шілдеге дейін ұзартып, жұмысты жалғастырмақпыз. Осы орайда, талқылаудан өткізуді қажет ететін заң жобалары бар және оларды мақұлдау керек. Мысалы, мемлекеттік қызметтер туралы заң жобасы ескеріліп отыр. Бұл құжат азаматтарымыз үшін қажет. Мемқызметтерді дер кезінде алу үшін тиісті жеңілдікті шаралар енгізілмек. Сонымен қатар, біздің депутаттардың өзге де бастамашылық еткен заң жобалары бар» ол.

Сонымен қатар, депутат Василий Олейник алдағы уақытта атқаратын жұмыстар ауқымы көлемді екенін айтып, ал  10 шілдеден кейін депутаттардың  сайлаушылармен кездесуі үшін өңірлерге сапарлары жоспарланғанын жеткізді.