#
#
Жұма 05/06/2020

Қазақстанда депозиттердің сыйақы мөлшерлемесі төмендеді

  • 06.04.2020
  • 0
  • 270

Базалық ставканың өзгеруін ескере отырып, мамыр айы үшін теңгедегі депозит бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлеме бекітілген және депозиттердің жекелеген топтары бойынша мөлшерлеме қайта қаралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық банкінің 6 сәуірден бастап базалық мөлшерлемені 12 пайыздан 9,5 пайызға дейін төмендету туралы кезектен тыс шешімінен соң Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мерзімсіз және қысқа мерзімді депозиттер бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін төмендетті. Бұл 2020 жылдың 1 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі.

ҚДКБҚ әдістемесіне сәйкес базалық мөлшерлеменің өзгеруі тек мамыр айына арналған ең жоғары мөлшерлемеге ғана әсер еттіАл сәуір айының ставкасы өзгерген жоқ

«Бұл ретте қысқа мерзімді салымдар табыстылығының күрт төмендеуіне жол бермес үшін және жақын келешекте депозиттердің осы тобы бойынша мөлшерлемелер біртіндеп төмендейтіндіктен, Қор төмендетілген базалық мөлшерлемеге қатысты спредті көтерді. Бұған дейінгі ең жоғары мөлшерлемелер наурыз бен сәуірде базалық мөлшерлеменің өскендігін ескере отырып бекітілген болатын. Ең жоғары мөлшерлемелерді өзгерту әлемдік және ішкі нарықта қалыптасқан жағдайға байланысты салымшылардың мүддесін қорғау үшін дер кезінде қабылданған шара болды» делінген хабарламада. 

Сонымен теңгедегі мерзімсіз салымдар бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі - 12 пайыз. Толықтыруға болатын, 3 және 6 айлық мерзімді салымдар бойынша мөлшерлемелер – 12 пайызды, ал толықтырылмайтын түрі бойынша – 12,5 пайызды құрады. Осы мерзімдерге арналған, толықтырылатын жинақ депозиттер бойынша мөлшерлемелер – 13 пайыз, ал толықтырылымайтын түрі бойынша – 13,5 пайыз. Жаңартылған мөлшерлемелер салымдарды саралау, яғни жіктеу қағидасына толығымен жауап береді – толықтыруға болатын, қысқа мерзімге арналған депозиттер бойынша мөлшерлемелер осы салымдардың толықтырылмайтын түрі бойынша мөлшерлемелерден 0,5 пайыздық тармаққа төмен. 

Толықтырылмайтын жинақ депозиттерді қоспағанда ұзақ мерзімді салымдар бойынша 2020 жылдың мамырына белгіленген мөлшерлемелер өзгерген жоқ. Ал толықтырылмайтын жинақ депозиттердің мөлшерлемелері – 14,7 және 14,8 пайызға дейін төмендетілді. Бұл ретте олар мөлшерлемелері қайта қаралған қысқа мерзімді депозиттермен салыстырғанда тартымды болып қала бермек. Өйткені жоғары табыстылықты қамтамасыз етеді.


Депозиттер санаты 

Толықтырылатын депозиттер бойынша, %

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, %

2020 ж. сәуірі

2020 ж. мамыры

2020 ж. сәуірі

2020ж. мамыры 

Мерзімсіз депозиттер 

12,5

12,0 

12,5

12,0 

Мерзімді депозиттер

ай

13,0

12,0 

13,0

12,5 

ай

13,0

12,0

13,0

12,5 

12 ай

10,7

10,7

12,2

12,2

24 ай

10,8

10,8

12,9

12,9

Жинақ депозиттер 

ай

13,0

13,0

14,0

13,5 

ай

13,4

13,0 

14,0

13,5 

12 ай

13,0

13,0

15,1

14,7 

24 ай

12,6

12,6

15,5

14,8 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар