#
#
Жұма 13/12/2019

Қытаймен бірлескен жоба: Қазақстанда ядролық отын өндіру зауыты салынып жатыр

  • 18.09.2019
  • 0
  • 581

Қазақстан Қытайға уран жеткізілімдерін ұлғайтуға ниетті. Бұл мәселені Қазақстанның энергетика министрі МАГАТЭ бас конференциясының 63-сессиясы аясында Қытай Халық Республикасы атом энергиясы агенттігінің төрағасымен талқылады, деп хабарлайды Sputnik.

Бозымбаев Қытай мен Қазақстан атом саласында көп жылдан бері бірге қызмет істеп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде екі елдің компаниялары Қытайға отын таблеткаларын жеткізуде, сондай-ақ Қазақстанда Қытай атом электр станциясы үшін ядролық отын өндіру зауытын бірлесіп салып жатыр.

Бозымбаев Қытай атом энергетикасының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қазақстандық өнімнің экспорттық көлемін сатып алу туралы қытай тарапының ұсынысын қолдады, деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство басшысы сондай-ақ Қазақстан Үндістанның Атом энергиясы департаментімен уран жеткізу бойынша жаңа келісімшарттарға қол қоюға дайын екендігін атап өтті. Тараптар атом саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаласты.  

Энергетика министрі "Росатом" мемлекеттік корпорациясының өкілдерімен де кездесті. Тараптар ВОУ-НОУ ("Росатом" МК) келісімінің орындалуын, сондай-ақ 2018-2020 жылдары Қазақстанда уран өндіруді азайту бойынша қабылданған шаралардың нәтижелерін талқылады, бұл нарықтағы уран бағасына оң әсер етті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар