#
#
Жексенбі 28/05/2017

«Күй Қаршыға – күй ғұмыр»

  • 08.12.2016
  • 0
  • 1078

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі 2016 жылдың 20 желтоқсаны күні Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, күйші, композитор Қаршыға Ахмедияровтың 70 жылдығына арналған «Күй Қаршыға – күй ғұмыр» атты еске алу кешін өткізеді.

Құрманғазы оркестрінде домбырашы, кейіннен концертмейстер қызметтерін атқарған Қаршыға Ахмедиярұлы қайталанбас талант иесі, төкпе күй өнеріне қанат бітірген, күй мұрасын саф қалпында жеткізген күйші. Қазақтың күйіне құдірет, үлкен рух бітірген дәулескер күйшінің туғанына биыл - 70 жыл.

Рухани  іс-шараның басты мақсаты – күйшінің салып кеткен сара жолын, рухани бай мұрасын жас ұрпаққа насихаттау. 

Аталмыш кешке: Қазақстанның халық артисі – Ғафиз Есімов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Айгүл Қосанова, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері – Батыржан Мықтыбаев, Мәдениет қайраткерлері – Тұрарбек Хайралиев, Халес Капизов, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары – Салтанат Құдайбергенова, Абай Қойшыбаев, Венера Алпысбаева, Абылай Тілепбергенов, Төлеген Рахымбаев, Тимур Тілеуқабылов, Жанаргүл Сәркенова, Ақтоты Ахмедиярова және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері қатысады.

Оркестрдің бас дирижері  «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Арман Жүдебаев, дирижерлар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жамағат Темірғалиев, Жанас Бекентұров.

Концертті жүргізуші -  Мәдениет қайраткері Тұрарбек Хайралиев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар