21 нау, 2019 сағат 10:14

ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы тағайындалды

Нұрлан Онжанов Президент Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап. 

"Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын", - делінген жарлық мәтінінде. 

Оңжанов 2014 жылдан бері Президенттің көмекшісі қызметін атқарған еді.