22 сәу, 2019 сағат 17:01

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің бөлім меңгерушісі тағайындалды

Талғат Мұхтаров ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының шешімімен Талғат Сәбитұлы Мұхтаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды», - делінген хабарламада.