#
#
Бейсенбі 02/04/2020

ҚР АШМ Ресейден әкелінген 19 тонна бананды ел аумағына кіргізбеді

  • 26.03.2020
  • 0
  • 50

ҚР АШМ инспекторлары Ресейден алып келген 19 тонна бананды ел аумағына кіргізбеді. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" АШМ сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР АШМ өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Қазақстан нарығына РФ мен Вьетнам елінен алып келінген 175 тонна өсімдік өнімін кіргізбеді. 

2020 жылдың 24 ақпан 3 наурыз аралығында Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциялары Ресей Федерациясы мен Вьетнам мемлекетінен жоғары фитосанитарлық қауіп-қатері бар өсімдік өнімдерін заңсыз алып келудің жолын кесті.

Карантиндік бақылау барысында инспекторлар 76 тоннадан астам картоп, 55 тоннадан астам жеміс-жидек және көкөніс түрлерін, 19 тоннаға жуық банан, 2 мың гүл және 600 дана гүл көшеттерін, сондай-ақ Вьетнамнан 25 тоннаға жуық кешью жаңғағын фитосанитарлық сертификатсыз алып келгендігін анықтады.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынған. Кінәлі тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 400-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар