09 нау, 2017 сағат 15:01

Конституциялық кеңес Конституциядағы өзгертулерді мақұлдады

2017 жылы 9 наурызда "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігін анықтау мақсатында Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулысы жария етілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Конституциялық Кеңесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 6 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті аталған Заңды Қазақстан Республикасының Конституциясына, оның ішінде Конституцияда белгіленген құндылықтарға Республика қызметінің түбегейлі принциптеріне, басқару нысанына сәйкестігіне қарау туралы Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады. Конституциялық Кеңес өз шешімінде 2017 жылы 6 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдап, 2017 жылы 6 наурызда Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға ұсынылған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Ресубликасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына, оның ішінде Республиканың конституциялық құндылықтарына, қызметінің түбегейлі принциптеріне және басқару нысанына сәйкес келеді деп қаулы етті.

Еске сала кетейік, 6 наурызда Парламент Қазақстан Конституциясына түзетулерді қабылдаған болатын. Біріккен комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, Президент ұсынған заң жобасында Конституцияның 19 бабына 26 түзету қарастырылған.