15 ақп, 2017 сағат 17:45

Қазақстанның Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиядағы елшісі тағайындалды

Ерлан Ыдырысов Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияғы елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.