13 қар, 2018 сағат 16:29

Қазақстанның антиядролық қозғалысына арналған көрмені аралап көрді

Мемлекет басшысы Қазақстанның антиядролық бастамаларына және ядролық қарусыздану үдерісіне арналған көрмені аралап көрді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті көрмеге қойылған экспонаттармен танысып, экскурсияда жүрген Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттерімен әңгімелесті. Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы өзінің студенттік шағынан сыр шертетін естеліктер айтты.