#
#
Жұма 05/06/2020

Қазақстанда АЕК, минималды зейнетақы мен жалақы көлемі өзгерді

  • 08.04.2020
  • 0
  • 366

Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш көлемі 2 778 теңге мөлшерінде бекітілді. Мұндай өзгеріс ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қол қойған «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Жарлықта қарастырылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Еліміздің Қаржы министрлігінің мәліметінше, аталған Жарлыққа сәйкес, мұнан бөлек минималды зейнетақы 40 441 теңге, күнкөріс минумы 32 668 теңге, базалық зейнетақы төлемінің минималды мөлшері 17 641 теңге, минималды жалақы мөлшері 42 500 теңге мөлшерінде бекітіледі.

Мемлекет басшысы Жарлығының толық нұсқасы ертең республикалық басылымдарда жарияланады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар