17 қаң, 2020 сағат 14:10

Қазақстан-Ресей балаларды Сирия мен Ирактан қайтару бойынша тәжірибе алмасуда

Баспасөз мәслихатында қазақстандық журналист Ресей сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Сергей Лавровтан Сирия және Ирактан әйелдер мен балаларды қайтару бойынша Қазақстан әрекетін бағалауды сұрады, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мен бұны азаматтар алдында өз міндеттерін орындау үшін кез келген егемен мемлекет қабылдауға құқығы бар әрекет ретінде бағалаймын. Біз де осындай мәселелермен айналысамыз. Бізде өзіміздің әскери қызметкерлеріміз, арнайы қызметтеріміз, бала құқығы жөніндегі өкіл балаларымызды Ирак пен Сириядан қайтарумен айналысады. Біз қазақстандық әріптестерімізбен тәжірибе алмастық», - деп жауап берді Лавров.

Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы өз азаматтарына қатысты осындай іс-қимылды Өзбекстан да қолға ала бастағанын айтты.

"Содырлар - бұл жеке мәселе. Бірақ әйелдер мен балаларға келсек, әйелдердің көбі алданып, өз еркімен келмеген. Ал балалар мүлдем еш кінәлі емес. Олардың қалыпты ортаға қайтырылып, лаңкестердің радикалды идеяларының ықпалынан тыс жерде дұрыс адам болып өскенін қалаймыз", - деді Сергей Лавров.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сәйкес, 2019 жылы Сирия мен Ирактан 277 ересек пен 547 бала қайтарылған.