#
#
Бейсенбі 19/09/2019

Қазақстан Қырғызстаннан картоп, алма мен құрма әкелуге салынған тыйымды алып тастады

  • 23.05.2019
  • 0
  • 566

22 мамырда Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі Қырғызстаннан картоп, алма мен құрма әкелуге салынған тыйымның күшін жойды. Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеген Азаттықтың Қырғыз қызметі тыйымды алып тастау туралы келісім жасалғанын хабарлады.

Қазақстан тарапы мұндай тыйымды 19 ақпанда қойған. Елдің ауыл шаруашылығы министрлігі Қырғызстаннан тұтынуға арналған және тұқым ретінде қолданылатын картопты, алма мен құрманы, Өзбекстаннан анарды алып кіруге тыйым салған. Министрлік бұған "осы елдерден келетін тауарлар арасында талапқа сай емес өнімнің жиілеп кетуі себеп" деген.

Сол кезде Қырғызстан ауыл шаруашылығы министрлігі Нурбек Мурашев "Қазақстан тарапы су көлемін бақылап отыру үшін Орто-Токой және Киров бөгендеріне бақылау камерасын орнатуды сұрады. Бішкек бұған келіспеген соң Нұр-Сұлтан бірнеше ауыл шаруашылығы тауарына шектеу қойды" деп мәлімдеген.

28 ақпанда Нұр-Сұлтанда өткен үкіметаралық келіссөзде Қазақстан тарапы тыйымдарды алып тастауға дайын екенін айтқан. Екі ел келіссөзден соң Қырғызстанда тауарларды тексеруді күшейту бойынша жол картасына қол қойған. 17 пунктіден тұратын құжаттағы алғашқы міндеттемелерді Бішкек биылғы шілдеге дейін орындауы тиіс.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР