09 там, 2017 сағат 22:31

"Қазақстан-2050" стратегиясының мәні мен маңызы

Егеменді еліміз жиырма жылдық тарихын­да көптеген қиындықтар мен кедергілерді ең­серіп, зор жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ елі әлемге ұлтаралық келісіммен дінаралық татулықтың озық үлгісін көрсеткен бірегей ел екен­дігін дәлелдеді.

Елімізде тұтастандырылған экономикалық кеңістік құрылып, билік тар­мақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасып ма­ңызды конституциялық және саяси реформалар жүргізілді. Бүгінгі таңдағы әлемде болып жатқан өзгерістердің сипаты жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Енді екі-үш жылдан кейін елімізде тәуел­сіздіктің екінші буыны дүниеге келеді. Қазіргі кезеңде еліміздің алдында тұрған бас­ты мақсат – жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан жиырма бірінші ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған елі­нің қатарында болуы тиіс. Дамудың қазақ­стандық үлгісі – жаңа саяси бағыттың негізі іргетасы болып қаланды.

Қазақстан халқын бір ортаға топтастыратын саяси мәні зор «Қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты бағдарламада әлеуметтік-саяси дамудың «қазақстандық үлгісін» демократиялық жолмен өркендетудің негізгі тетіктері көрсе­тілген. Қазақ елінің басты мақсаты – дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбек­тің негізінде берекелі қоғам құру болып табылады. Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның даму перспективаларына орай стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді пайымдаған әлеуметтік дамудағы маңызды серпіліс –деп айтуға болады .Қазақ елі өзінің барлық мүмкіндіктерін әлемге көрсете білген ел. Дәл сол себептенде халықаралық қауымдастық Қазақстанды ЭКСП0-2017 Халықаралық көрме­сін өткізу орны ретінде таңдады. Біздің еліміз ТМД кеңістігінде ЕҚЫҰ-на төрағалық еткен, осы Ұйымның Саммитін өткізген және ғаламдық іс-шара ЭКСПО-2017 көрмесін өт­кізетін алғашқы ел. Тәуелсіз Қазақстан алдыменен экономика, содан соң, саясат деген айқын принциппен дамып өркендеп келе жатыр. Қазақстанда саяси реформалардың әрбір кезеңі экономика дамуының деңгейіменен ұштасады, сондықтанда, елімізде демократияландыру мен ырықтандыру процесі оңтайлы ұштастырылуда. Либералдық-демократиялық даму динамикасында өзіндік ерекшеліктерге ие. Қоғам әрбір қадам басқан сайын демократияландыру мен адам құқықтары саласындағы ең жоғары стандарттарға жақындап келеді.

Тәуелсіз Қазақстанның стратегиялық бағ­дар­­ламасында әлеуметтік өркендеудің жаңа ме­жесі ретінде 2050 жылға дейінгі уа­қыт ара­лығын қамтуы бекерден-бекер емес. Өрке­ниет­ті елдердің даму үлгісінде мұндай ұзақ мер­зімді даму бағдарламасын қабылдау бар. Дәл осын­дай бағдарламаны ғаламдық саяси инс­ти­тут БҰҰ қабылдаған. «2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының әлемдік даму тенденциясы» – деп аталады. Сондай-ақ, «Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы 2050 жылға дейінгі даму бағ­дарламасын» жариялаған. Қазақстан Республикасы 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді межелеп отыр. Бұл ғылыми негізделген қаржылық және кадрлық ресурстармен тия­нақталған қол жеткізуге мүмкіндіктеріміз бар мақсаттар. Стратегиялық бағдарламаны жү­зеге асыруда әрбір қазақстандық азаматтың еншілес үлесі бар.

Қазақстан Республикасы 2050 жылға дейін кезең-кезең мен жаңа міндеттерді шешу прин­ципі маңызды деп көрсетілген. Бірінші, бюджет саясаты. Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перс­пектива тұрғысынан қарағанда өнімді, мә­се­лен экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту секілді жалпыұлттық жобаларға бағытталуы тиіс – деп көрсетілген. Екінші, салық саясаты. Өндіріс және жаңа технологиялар саласындағы салық салу обьектілері үшін қолайлы салық режімін енгізу. Алдағы 5 жылда еліміз онлайн-электрондық есептілік режиміне көшуі тиіс. Жаңа салық саясаты – әлеуметтік бағыт алуы тиіс; Үшінші, ақша-кредит саясаты. Ұлттық Банк пен Президент Әкімшілігінің зкономиканы қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі ақша-кредит саясатының жаңа жүйе­сін әзірлейді-деп көрсетілген. Төртінші, әлеу­меттік саясаттың жаңа принциптерінің бірі- әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік. Бұл қоғамдағы тұрақтылықтың ең басты кепілі.

Қазақстан 2050 стратегиясындағы алды­мызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін, билік басындағылардан бастап қатардағы аза­маттарға дейін еліміздегі әлеуметтік әділет­ті­лік пен әлеуметтік қамтамасыз етуге деген көзқарасымызды өзгертуге тиіспіз. Бүгінгі таңда кез келген мемлекеттің абыройы мен бе­делі халқының әлеуметтік жағдайымен өлшенетіні белгілі. Осы ел тұрғындарының назарына ұсынылған ауыл-аймақтардың әкімдерін сайлау сияқты азаматтық қоғам­ды дамыту істерінің маңызы зор. Елбасы басты назарда ұстап отырған ауыл-шаруа­шылығының өркендеуіне қолдау көр­сету, егістік алаңын ұлғайту, әлемдік дең­гейдегі мал­шаруашылығы қалыптарына (стан­дарт­тарына) сәйкес жем-шөп базасын құру, эко­логиялық таза өндіріс саласын дамыту мә­селелерін де орынды көтерген. Сонымен қатар, жер өңдеу мәдениетін өзгерту, ауыл еңбеккерлерінің жаңа буынын қалыптастыру, жаңа ғасырдың әлемдік нарығының сұра­нысына лайықты агроөнеркәсіп кеше­нін да­мыту сияқты жолдауда көтерілген өзекті жобалардың маңыздылығы жоғары шынымен ел шырайын келтіріп ауылдың гүлденуіне тірек болатын болашағы зор жобалар.

Қазақстан халқының әлеуметтік топта­суының оның айнымас ұлттық бірлігінің, қоғамдық келісім мен толеранттылықты нығайтудың Елбасы айналасына топтасудың негізі болып табылады. Қазақстан 2050 стратегиясын әлеуметтік маңызы зор стратегия деп атауымыздың себебі, ең алдыменен ең­бек пен ынтымақтың арқасында толағай табысқа қол жеткізу – мемлекеттік саясаттың басым мәртебесі екендігін айқындап берді. Әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі шағын және орта бизнестің үлесін арттыру, жұмысқа орналастыру немесе жаңа мамандық игерудің жолдарын көрсетіп берді. Сондай-ақ, демократиялық даму жолындағы зайырлы қоғам құрудың нақты міндеттерін де айқындап берді. Тәуелсіз қазақ елі бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық даму жолында жаңғыру кезеңін бастан кешіріп отыр. Осы даму үдерісіндегі басты жетістіктеріміз әлеуметтік-саяси тұрақтылық, ұлт­аралық татулық пен дінаралық келісім болып табылады. Мұның өзі ең алдыменен Елбасының сындарлы саясатының нәтижелері екендігі бар­шамызға аян. Әлеуметтік-экономикалық даму­дың жаңғыру кезеңіне сәйкес келетін бірқатар кешенді міндеттер алға қойылып отыр. Ол әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан көріну. Осыған байланысты жаңа экономикалық бағыт ретінде жалпыға бірдей экономикалық прагматизм және ақша несие саясатын реформалау макроэкономикалық саясатты жаңғырту көз­делінді.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ұсынған 2050 стратегиялық бағдарламасы әлемдік қауым­­­дастықта өзінің айшықты орнын иеленген тәуелсіз мемлекетіміздің ішкі және сырт­қы сая­сатына экономикалық әлеуметтік-мә­дени дамуына тікелей ықпал ететін оның әлеуеттілігін қамтамасыз етіп, тұрақты түрде алға жылжуын бағдарлайтын негізгі бағдарлама. Тарихи кезеңмен салыстырғанда аз ғана уақыт ара­лығын­да ғасырлық жолдарды жүріп өткен, уақыт сынында шыңдалған еліміздің жарқын болашағын бағдарлаудағы аса маңызды стратегия ретінде қоғамға үлкен қозғау салды, тың серпін берді. Тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуы күн санап дамып қарыштап келеді, адам құ­қықтары саласындағы жаңғыртулар жоғарғы ха­лықаралық өлшемдерге жақындап келеді. 2050 жылға дейінгі стратегиялық мұраттарымыз бен кешенді ұлттық жоспарларымыздың белгі­ле­нуі тарихи сипатқа ие болып отыр.

Қазақстан 2050 стратегиясы еліміздің эконо­микалық, әлеуметтік және саяси дамуының нақты жолдарын көрсетіп, болашақтағы негізгі мақсат-міндеттерін белгілеп берген тарихи құжат. Бұл бағдарламадағы қарастырылған мәселелер тек еліміз үшін ғана өзекті емес әлемге, планетаға ортақ көкейкесті проблемалар екені шындық. Сондай-ақ, бұл стратегияда осындай толғақты мәселелердің түйінін тарқатудың, шешімін табу­дың жолдары көрсетілген. Бүкіл әлемге өзек­ті болып отырған энергия, су тапшылығы табиғи апаттар, қаржылық дағдарыс оны шешу жолдары жан-жақты қарастырылған. Елбасымыз осы саладағы жобалар жөнінде ғана емес қоғамымыздың ой-санасын түбегейлі өзгерту туралы да қоз­ғаған ойларының орны ерекше. Болашақта даму­дың қазақстандық үлгісін қалыптастыра оты­рып, қуатты мемлекет құру. Қазақстан 2050 стратегиялық саяси мәні зор бағдарлама – қазақ­стандықтарды жаңа белестерді бағындыру үшін, ортақ мақсатқа топтастырады.

Б. Иманбекова