08 қаң, 2020 сағат 07:46

Испанияда жаңа премьер-министр сайланды

Испания парламенті премьер-министр лауазымына Педро Санчесті лайық деп тапты, – деп хабарлайды Euronews.com агенттігі.

Оның кандидатурасын 167 депутат қолдаса, 165 адам қарсы дауыс берген. Небары екі дауыс артық жинаған ол Үкімет басшысы болып сайланды.

Жексенбі күнгі сайлау кезінде Санчес қажетті абсолютті басым дауысты жинай алмады (350 дауыстың кем дегенде 176-сы). Екінші кезеңде үкімет басшысы атану үшін заң бойынша абсолютті басым дауыс қажет емес.

Өткен жылы Испанияда екі рет жалпыхалықтық сайлау өтті. Екеуінде де жеңісті социалистер жеңіп алды, бірақ олар абсолютті басым дауысқа ие болған жоқ. Сәуірден бері ел үкіметі уақытша міндетін атқарушы ретінде жұмыс істеп келді.