10 шіл, 2018 сағат 15:34

"Astana Hub" таныстырылымында үздік жобалар көрсетілді

Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі қазақстандық және шетелдік мамандар үшін IT саласындағы өз мүмкіндіктерін көпшілікке паш етті.

Astana Hub құралдары және әлеуетінің презентациясы технопарктің негізгі бағыттарын көрсету, IT-қоғамдастығы өкілдерімен ынтымақтастық үшін мүмкіндіктерін белгілеу, сондай-ақ технопарктің инфрақұрылымы мен тұжырымына халықаралық сарапшылардың баға беруі мақсатында өткізілген бұл шарада Z-заманының цифрлы балалары жетік нәтижелі робототехника саласындағы жұмыстарын көрсетті.

Тұсаукесерде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев қазіргі уақытта елде инновациялық жобаларды дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін айтты.

– Жас жеткеншектердің осындай еңбекпен жасалған жұмыстарын көріп, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың инновациялық экожүйе құру туралы идеясының орындалатынына нақты сенім пайда болды. Әрине, біз әлі  заңнамалық өзгерістерден, мамандардың сынынан өтуіміз керек, бірақ қазір пайда болған дүниелер соншалықты үлкен, мен осыны сезіндім, – деді ол.

Елімізің әр аймағынан келген,  болашағынан IT-саласында үздік болатындай үміт күттіретін, әртүрлі республикалық байқаулар мен олимпиадаларының жеңімздары өз жобаларын ұсынды.

«Біз Ақтау қаласынан  келдік, өте қатты қатысқымыз келді. Біз KazRoboProject компаниясына іріктеуден өткен болатынбыз. Протездің жаңа нұсқасын ойлап таптық, жаңарттық, және бұл жұмысымыз табысты болды деп сенеміз. Ашып айтатын болсақ, нейроинтерфейспен басқарылатын әмбебап қол протезін әзірледік. Оны алдымен басқа киеді, оның екі контактісі бар «оң» және «теріс» – «оң» бастың алдыңғы жағына кигізіледі, ол жерде мидың сигналдарын оқудың ең оңай жолы бар, ал «теріс» бейтарап бөлігі болғандықтан тек құлаққа ғана кигізіледі. Олардың көмегімен протезді басқаруды оңай үйренуге болады. Әдетте протезден мүлдем бейхабар адамдар бір сағаттың ішінде меңгеріп алады», – дейді қатысушылардың бірі.

«Цифрлық Қазақстан» өз кезегінде инновациялық технологиялардың мүмкіндіктерін арттыруға, жаңа дүниелердің пайда болуына зор ықпалын тигізуде.

«Ұзтазыммен бірігіп «құбыр тазалағыш роботты» жасап шығардық.Робот мұнай, су, канализация, өнеркәсіптік газды немесе басқа да құбырларды тазарту мақсатында жасалынған. Ашық конструкцияның арқасында құбырдың кез-келген түрін тазартуға болады, мұнай өңдейтін құбырларды тазату жөнінен бүгінгі таңда түсімізге де кіріп шықпаған, әлі де қол жетпеген нәтижені көруге болады.  Мысалы, қазір Қазақстанда мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы тәулігіне2 миллион баррельді құрайды, ал бұлқұрылғының көмегімен біз кемінде 2,3 үш миллион баррель нәтижесіне қол жеткізе аламыз. Бұл дегеніміз Қазақстанның 2025 жылғы жоспарына пара-пар. Бұндай құрылғы әлемде еш елде қолданылмайды яғни дүние жүзінде анлогы жоқ. Қазіргі уақытта біз патентпен айналысып жатырмыз, патенттеудің соңғы сатысындамыз», – Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы  Қуаныш Маден.

Бүгінгі таңда Astana Hub-халықаралық IT-стартаптар технопаркі және Қазақтандағы инновациялық технологияларды дамытудың өзегі болып отыр. Осы тұрғыдан стартаптардың дамуы бойынша жаңа бағдарламалар легін іске қосты.

Зейінді балалардың бұл жұмыстары әлем аренасынан ойып орын алатындай мүмкіндіктері көрініп-ақ тұр. Осындай креативтілікпен жасалған дүниелер елімізді цифрлық шешімдер орталығы ретінде биік белестерге шығарары сөзсіз.

Оразов Аршат