#
#
Дүйсенбі 24/02/2020

Грекияда тұңғыш рет әйел президент сайланды

  • 22.01.2020
  • 0
  • 261

Грекия парламенті бұрынғы Мемлекеттік кеңес (Жоғарғы әкімшілік соттың) басшысы Катерина Сакелларопулуды президент етіп сайлады. Ол ел тарихындағы тұңғыш әйел президент атанып отыр. Оған 300 депутаттың 261-і дауыс берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Ekathimerini басылымына сілтеме жасап.

«Оны басқарушы Жаңа демократия, оппозициялық «СИРИЗА» солшыл партиясы мен солшылцентристік «Движение перемен» альянсының заң шығарушылары қолдады», - делінген БАҚ хабарламасында.

Сакелларопулу қызметіне 13 наурызда кірісіп, бес жыл ішінде елді басқару құқына ие болады. Әзірге ел президенті - Прокопис Павлопулос.

Бұл елде президентті халық емес, парламент мүшелері сайлайды.

Айта кетсек, 2019 жылдың маусым айында Грекия президенті Прокопис Павлопулос парламентті таратып, мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізетінін мәлімдеген болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар