20 там, 2019 сағат 21:02

Франция президенті Путинмен кездесуден кейін орыс тілінде пост жазды

Франция президенті Эммануэль Макрон Facebook желісінде орыс тілінде жазба жариялады.

Макрон "Ресейдің еуропалық ел екенін" атап өтті.

"Біз Лиссабоннан Владивостокқа дейін созылып жатқан Еуропаға сенеміз. Көптеген саяси немесе экономикалық мәселе бойынша алға ілгеріледік, өйткені біз Франция – Ресей қарым-қатынасын дамытуға атсалысып жатырмыз", - деп жазды Францияның мемлекет басшысы.

Ол "жан-жақты өзгерістер барысында Еуроодақ пен Ресей арасындағы қауіпсіздік пен сенімді қалыптастыру жолы табылатынына" сенім білдірді.

РИА Новости хабарлағандай, Франция президенттерінің резиденциясы форт Брегансонда Ресей президенті Владимир Путин мен Франция президенті Эммануэль Макронның кездесуі өтті. Келіссөздер үш сағатқа созылған.

Тараптар екі жақты және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді, климаттық проблемаларды, Арктиканы игеруді талқылады. Сонымен қатар қос мемлекет басшысы Украинадағы ахуалға ерекше назар аударды.

Sputnik