#
#
Дүйсенбі 23/09/2019

Еуразиялық одақ ортақ брендпен жұмыс істеуді ұсынды

  • 12.09.2019
  • 0
  • 594

Еуразия экономикалық комиссиясының өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Александр Субботин Қазақстанға үшінші елдерге ортақ брендпен шығуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Посткеңестік кеңістікте машина жасау саласының кооперативтенуі ұлттық экономика саясатының шеңберімен шектеліп келді. Еуразия экономикалық одағының құрылуы осы шеңбердің аясын кеңейтіп, кәсіпорындардың дамуына жаңа серпін берді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша, кооперативтік жеткізу көлемі машина мен қондырғылар өндірісінде 15 пайызға, автомобиль құрастыруда 14 пайызға, электр қондырғылар өндірісінде 10 пайызға өсті. Соңғы жылдары кооперативтендіру байланыстарының арқасында екі ел арасындағы  тауар айналымы 40 пайызға артты. Енді одақ аясында машина жасаушылардың ортақ дерек базасы құрылмақ. Оған кірген 6 мың кәсіпорынның 90-ы — қазақстандық компаниялар. 2020 жылдың аяғында бұл базаға 50 мың кәсіпорын тіркеледі деген болжам бар», - деген одақ өкілі үшінші елдерге өнім шығару барысында туындайтын өзара бәсеке туралы да сөз қозғады.

«2018 жылы Қазақстан машина жасау өндірісінің өсімі бойынша Одақ елдерінің арасында алғашқы орынға шықты. Өсім көлемі 26 пайыздан асады. Автокөлік пен оның бөлшектерін шығару 40 пайызға, электр құрылғыларының өндірісі 30 пайызға, машина қондырғыларын шығару 7 пайызға, компьютерлер мен электрондық өнімдердің, оптикалық бұйымдардың өндірісі 30 пайызға өсті. Қазір бірлесіп шығарған өнімдерді үшінші елдерге шығарудың тетіктері реттеліп келеді. Бұл тұста өзара бәсекеге түспей, ортақ брендімізді сыртқы нарыққа ілгерілету бағытында әрекет жасау қажет деп ойлаймыз», - деді Александр Субботин.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар