02 қыр, 2019 сағат 08:15

Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, Назарбаев моделі деп атады - Президент

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялауда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың Twitter парақшасына сілтеме жасап.

«Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр», - деді Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында.