18 қыр, 2017 сағат 13:50

Елімізде азық-түлік өнімдері арзандады

Елімізде азық-түлік тауарларының бағасы 0,9%-ға төмендегені байқалады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда инфляция осы жылдың тамызында 0,1%-ды құрады (жыл басынан бергі кезеңде – 3,9%, жылдық мәнде – 7%).

Азық-түліктен басқа тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы бір айда 0,7%-ға өсті, азық-түлік өнімдері 0,9%-ға арзандады. Бұл жеміс-көкөніс өнімдерінің 9,2%-ға маусымдық арзандауымен байланысты. Жаңа піскен жемістердің бағасы 4,4%-ға, жаңа піскен көкөністікі 13,2%-ға, картоп бағасы 20,4%-ға төмендеді.

Сонымен қатар, құмшекер 2,2%, қарақұмық жармасы 2,9%, жұмыртқа 1,5%-ға арзандағаны байқалады.

Статистика деректеріне қарағанда, жыл басында 19 әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарының баға индексі 1,1%-ды құрады.

Сонымен бірге, осы жылдың тамызында жекелеген азық-түлік: шұжық 1,4%-ға, құс еті 1,2%-ға, сиыр және шошқа еті 1,1%-ға, жылқы және қой еті 0,4%-ға қымбаттаған.

Сүт өнімдерінің бағасы 1,2%-ға, алкогольді ішімдіктер 1%-ға өсті.