04 шіл, 2018 сағат 09:22

Елбасы Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалыптасқан дәстүр бойынша Астанадағы «Атамекен» этномемориалды кешені алаңында Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кешеннің үстінде орналасқан тудың өлшемі 15Х30 метрді құрайды. 111 метр биіктікте желбіреп тұрғандықтан, ол елорданың кез келген жерінен көрінеді. Тудың салмағы 100 келіге тең.

Рәсім аясында Мемлекет басшысы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы жоғары әскери оқу орындарының 12 курсантына офицерлік шендерді тапсырды. Олардың барлығы жоғары әскери орындарының үздік курсанттары.

Бұл игі шара жыл сайын Астана күні аясында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Айта кетейік, биыл Астана 20 жылдық мерейтойын атап өтуде.