30 қыр, 2019 сағат 06:14

Денсаулық сақтау: деректер базасын құрудың пайдасы қандай?

Ауылдағы қоғамдық денсаулық сақтау ісінде деректер базасын құру қордаланған мәселелерді шешуге пайдасын тигізбек.

Мысалы, Америка Құрама Штаттарында ауыл халқының үштен бірі өзіне қол жұмсаудан көз жұмса, 13%-ы жүрек аурулары себебінен өмірімен қош айтысады екен.

Солтүстік батыстағы қоғамдық денсаулық сақтау практикасы орталығының директоры, Вашингтон Университеті медбикелік іс факультетінің профессоры Бетти Бекемайердің айтуынша, ауылдық жерлерде көптеген деректер тіркелмей қалатындықтан, біз жалпылама статистика мен қажетті шығындарды есептей алмаймыз. Осы күнге дейін ауыл адамдары денсаулық сақтау мәселесінде көптеген қиыншылықтарға тап болған. Оның негізгі себептерінің бірі деректердің толық жиналмауы, біліктіктің төмендігі және инфраструктураның дамымауы деп айта аламыз. Сондықтан, толыққанды деректер базасының болуы денсаулық сақтау мамандарының қоғамға сапалы қызмет көрсетуіне жағдай жасар еді.

Ешкімді назардан тыс қалтырмау

Ауылдық елді мекендердегі денсаулық сақтау ісіндегі проблемаларды анықтап, аталмыш қызметтің барлығына қолжетімді болуы үшін Бекемейер мен оның әріптестері Солтүстік Батыстағы орталықта SHARE-NW жобасын жүргізіп келеді. Бұл жобаның аясында ғалымдар тобы бес жыл бойы солтүстік батыста орнасқан төрт штаттың ауылдық аймақтарынан деректерді жинақтап, жүйеледі. 

SHARE-NW сайтындағы мәліметке сүйенсек, «Вашингтон, Орегон, Айдахо, Аляска штаттарында тұратын жергілікті аляскалықтар, латынамерикандықтар және өзге де әлеуметтік азшылықты құрайтын топтардың экономикалық жағдайы нашар. Аталмыш топтар көп жағдайда денсаулығының нашарлығынан зардап шегеді» дейді.

Ғалымдар 2018 жылы Солтүстік бастыстағы төрт штаттың жергілікті атқарушы билік өкілдерімен телефон арқылы сұхбат өткізді. Сонымен қатар зерттеу жұмысына Аляска тайпалық денсаулық сақтау консорциум өкілдері, Айдахо Панхэндл денсаулық сақтау аймағы, Орегондағы Круг пен Вашингтондағы Вакикакум әкімшілік аймағының денсаулық сақтау департаменті және 21 ауылдық аймақтағы денсаулық сақтау ұйымдары қатысты.

«Ауылдық өңірлердегі денсаулық сақтау ісі өкілдерімен болған зерттеу нәтижесінде, біз деректер базасын қолданудағы мынадай қиындықтарды анықтадық:

  1. деректерге уақытылы және еркін қол жеткізе алмаушылық
  2. жиналған деректердің ауылдық және тайпалық аймақтардың ерекшелігіне сай болмауы
  3. жергілікті атқарушы билік өкілдерінің сол деректерді қолдана алмауы

Бір қарағанда жергілікті халықтың барлығы бірдей болып көрінуі мүмкін. Алайда, кейбір этникалық азшылықты құрайтын топтардың өздеріне тән ерекшеліктері мен мәселелері бар. Өкінішке қарай, жергілікті билік өкілдері сондай мәселелердің болғаны туралы ойлана бермейді. Сол себептен кейбір адамдар өз проблемаларымен бет-бет келуде», - дейді зерттеу жұмысы авторларының бірі.

Мысалы, бір агенттіктегі қызметкердің интервью кезінде берген жауабы: «Мигрант фермерлік жұмысшыларда ең бірінші кезекте тілдік кедергі бар, олар жергілікті тілді білмегендіктен, олармен тілдесіп, қандай да бір дерек жинау қиынға түседі», - дейді.

Ауылдық аймақтар үшін деректер базасын жасау

Аталған проблемаларды шешу мақсатында SHARE-NW қолжетімді деректер базасын құруды бастады. Деректер базасы жергілікті атқарушы билік өкілдерінің халықтың қажеттіліктерін анықтауға, және осы деректерге сүйене отырып, тиімді шешімдер шығаратын болады.

Профессор Бекемейердің айтуынша, егер сіздің қол астыңызда өзекті деректер болса, қай мәселеге басымдылық беру керектігін білетін боласыз. Қазір біз осы қоғамдағы денсаулық сақтай ісіне тән алты сала бойынша деректерге назар аудардық. Олар:

  1. Семіздік, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану
  2. Диабет
  3. Темекі шегу
  4. Психологиялық денсаулық, суицид пен улану
  5. Тұрмыстық зорлық зомбылық пен жарақат алу
  6. Стаматологиялық қызметтердің қолжетімділігі.

Деректер базасын құрудың ең басты мақсаты қажетті реформаларды іске асырумен қатар, жергілікті деңгейде жиналған мәліметтермен толықтырып отыру. SHARE-NW жобасы деректерді жүйелеу арқылы халықтың денсаулығын жақсартуға арналған шешімер шығарып, денсаулық сақтау қызметінің кез келген адамға қолжетімді әрі сапалы болуына септігін тигізуі керек.

Мақаланың түпнұсқасы: weforum.org