#
#
Дүйсенбі 19/02/2018

Дариға Назарбаева әскери телеарна ашуды ұсынды

  • 25.01.2018
  • 0
  • 1874

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған комитет депутаттары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барды.

Сенаторлар білім сапасын арттыруға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді, сондай-ақ өз ұсыныстарын да айтты. Атап айтқанда, Д.Назарбаева ақылы негізде Ұлттық қорғаныс университетінде шетелдік студенттерді оқыту мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ әскери қызметті насихаттайтын мамандандырылған әскери телеарна құруды ұсынды.

Нақты уақытта графикалық, мәтіндік, мультимедиялық ақпаратпен алмасу арқылы жұмыс картасын жүргізетін әрі әскери құрамалар бөлімдерді басқару жөніндегі шешім қабылдайтын оқытудың жаңа үлгілері мен әдістерін енгізу жүргізіліп жатқан оқу зертханалары сенаторлардың назарына ұсынылды. Одан басқа, депутаттар қару-жарақ пен әскери техника әзірлеу және оны отандық әскери-өнеркәсіп кешенінің қуатымен келешекте жасау мүмкіндіктері ескерілетін университеттің кітапхана қорын және әскери ғылыми-зерттеу орталығын көрді. 

Әскери ғылымның келешегі зор зерттеулерімен танысып, университеттің ғалымдары және докторанттарымен кездескен Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің төрағасы Д. Назарбаева құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар