#
#
Сейсенбі 20/02/2018

Данияр Ақышев бұғатталған 22 млрд АҚШ доллары туралы түсініктеме берді

  • 18.01.2018
  • 0
  • 1049

ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев «Россия 24» арнасында ҚР Ұлттық қорындағы 22 млрд теңгенің бұғатталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мұндай келеңсіздік бұрын Ресейде де болған.

«Біз де сол жағдай тап болып отырмыз. Сондықтан бұл жерде Қазақстанға қатысты "жүйелі әрекет" деп қарастырмау керек. Біздің ойымызша, бұғаттау туралы шешім алаяқтық жолмен жасалған. Сол себепті біз сот процесін қозғап жатырмыз», - деді бас банкир.

Оның айтуынша, қазір бұл процеспен ҚР Әділет министрлігі айналысып жатыр. Ал ҚР Ұлттық банкі бұл процеске басты кеңесші ретінде қатысады-мыс.

«Біз сотқа 500 млн долларға арызданып жатырмыз. Ал бұғатталған сома - 22 млрд доллар. Екеуінің айырмасы өте үлкен. Сондықтан, сот орындаушыларының әрекетін алаяқтық жолмен болған шешімнен бастау алғанын дәлелдеуге тырысамыз», - деді ол.

Данияр Ақышев одан ары қандай да болмасын түсініктеме беруден бас тартты. Бұл мәселе теңге бағамына қалай әсер ететінін де түсіндіріп өтті. Ұлттық банк басшысының хабарлауынша, бұл Қазақстанның ақша-несие саясатына еш ықпал етпейді.

«ҚР Ұлттық банкінің алтын валюта қоры сақтаулы. Ал Ұлттық қор қаржысына қатысты Әділет министрлігімен біріге зерттеу жүргізіп жатырмыз», - деді Ақышев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар