#
#
Cәрсенбі 20/11/2019

Базалық мөлшерлеме 9,25% деңгейде сақталады - Ұлттық банк

  • 28.10.2019
  • 0
  • 545

ҚР Ұлттық банкі пайыздық дәлізді +/- 1 п.т. деңгейде қалдыра отырып, базалық мөлшерлемені жылдық 9,25% деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қыркүйекте 5,3% болған іс жүзіндегі жылдық инфляция серпіні Ұлттық банктің алдыңғы болжам қорытындысы бойынша жасалған бағалауына сәйкес қалыптасуда. Халықтың инфляциялық күтулері іс жүзіндегі инфляция деңгейіне жақын қалыптасуда. 2019 жылдың соңында инфляция 5,7-5,8% деңгейде, яғни 4-6% нысаналы дәліз ішінде күтіледі. Реттелетін қызметтерге және азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне баға серпініне байланысты инфляциялық тәуекелдердің болуына қарамастан, инфляция 2020 жылдың соңына дейін аралықта 4-6% нысаналы дәліз ішінде сақталады», делінген хабарламада.

Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі шешімдерді Ұлттық банк нысаналы бағдарға қол жеткізу мақсатында қалыптасып отырған және болжанатын инфляция серпінін ескере отырып қабылдайды.

«Жылдық инфляция 2019 жылғы қыркүйекте алдыңғы аймен салыстырғанда тамыздағы 5,5%-дан 5,3%-ға дейін баяулады. Көкөніс пен жеміске, реттелетін қызметтер мен энергия ресурстарына бағаның өсуін ескермей есептелетін базалық инфляция да 7,9%-дан 7,7%-ға дейін төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарларға жылдық көрсетуде 5,4%-ға және ақылы қызметтерге 0,7%-ға бағаның өсу қарқындарының баяулауы инфляцияға тежеуші әсер көрсетуін жалғастыруда. Азық-түлікке жатпайтын инфляция серпіні киім-кешек пен аяқ-киімге, дизель отынына баға өсуінің маусымдық жылдамдауының болмауымен сипатталады. Бензин және қатты отын бағасы төмендеуін жалғастыруда (жылдық көрсетуде тиісінше 4,8%-ға және 3,5%-ға). Реттелетін қызметтер соңғы 12 айда 8,2%-ға арзандады», делінген Ұлттық банк таратқан хабарламада.

Халықтың инфляциялық күтулері ағымдағы жылғы қыркүйекте тамызбен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ және алдағы 12 айда 5,4% болып бағаланады.

Тауарлар мен қызметтерге тұтынушылық сұраныс кеңеюде. Халықтың нақты ақшалай кірістерінің өсуі 2019 жылғы қаңтар-тамызда 6,7% болды. Бұл үрдістерге әлеуметтік қолдауға, жалақыға бюджеттік шығыстар және қыркүйекте өсуі жылдық көрсетуде 22,6% болған тұтынушылық кредиттеудің кеңеюі ықпал етуде.

Ұлттық банктің мәлімдеуінше, инфляция 2019 жылдың қорытындысы бойынша 5,7-5,8% деңгейде бағаланып отыр. 2020 жыл ішінде инфляцияның 4-6% нысаналы дәліздің ортасы деңгейіне дейін баяулауы күтіледі. Бұған ағымдағы ақша-кредит жағдайлары ықпал ететін болады. Инфляция факторларының әр түрлі бағытта болуы оның қысқа мерзімді кезеңдегі құбылмалылығы тәуекелдерін арттырады. Негізгі тәуекелдер реттелетін қызметтердің жекелеген түрлеріне шекті тарифтердің күтілетін өсуіне байланысты.

Айта кетерлігі, базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2019 жылғы 9 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15:00-де жария етіледі.

Еске сала кетсек, 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9,25 пайызға дейін көтеру туралы шешім қабылдаған болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар