27 мау, 2018 сағат 15:05

«Аймақтар әдебиеті»жобасы басталды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет-жобасы ҚР Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Аймақтар әдебиеті» арнайы жобасын ұйымдастыруда.

«Аймақтар әдебиеті» – еліміздегі 14 облыс және Астана мен Алматы, Шымкент қалаларын қамти отырып, ауқымды әдеби орта қалыптастыру, аймақтардағы ақын-жазушыларды оқырман қауымға кеңірек танытуға бағытталған жоба.

Порталда ашылған арнайы айдарда ҚЖО аймақтағы филиал директорының алғысөзі беріліп, облыстағы ақын-жазушылардың, сыншылар мен әдебиеттанушылардың шығармаларыжарияланып отырады. Сонымен қатар, порталда аймақтарда өткізіліп жатқан әдеби шараларғақатысты мақалалар, фотосуреттер мен бейнежазбалар жарияланады.

Аталған жоба арқылы аймақтардағы әдеби хал-ахуалды толықтай тануға, шалғайда жүрген жас қаламгерлердің қоғамдағы рөлін арттыруға, өңірлердегі әдебиет тарихын жіті зерттеуге, жас ұрпақтың санасындағы туған жерге деген іңкәрлікті оятуға, сондай-ақ жасампаз елімізді әдеби үдеріске жақындатуға мүмкіндік туады.

Осылайша, жыл соңында «Аймақтар әдебиеті» жобасына белсенділік танытып, ерекше ынтаменатсалысқан облысқа «Үздік әдеби аймақ – 2018» номинациясы беріледі.

Қосымша мәліметті 8 (7172) 79 82 06, 8702 451 55 79 номері бойынша біле аласыздар.