#
#
Жұма 15/12/2017

Ауылдағы медициналық қызметтің сапасын көтеру қажет - Денсаулық сақтау министрлігі

  • 09.08.2017
  • 4
  • 856

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаеваның айтуынша, елімізде медицина мамандарының кәсіби дайындығы көңіл көншітпейді. Әсіресе, ауылды жерлерде медициналық қызметтің сапасы төмен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осыған байланысты бүгінде шетелдің жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, еліміздің медициналық білімін жаңғырту шаралары қолға алынып жатыр. Медициналық оқу орындарының стратегиялық серіктестері анықталды. Қазіргі кезде бес жылдық даму жоспары дайындалуда. Финляндияның тәжірибесі негізінде бакалавриат бойынша медбикелік білімді жаңғырту шаралары да қолға алынды. Бүгінде алты колледжде пилоттық жоба аясында 320 адам дәріс алуда», - деді Л.Ақтаева бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. Алайда дәріс алып жатқандардың барлығы бірдей ауылға бармайды. Себебі оларды міндетті түрде ауылдық жерлерге жіберу қарастырылмаған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жобаларды басқару департаментінің директоры Тимур Сұлтанғазиевтің сөзіне қарағанда, жаңа жүйе бойынша білім алып жатқан мамандар ауылға бара ма, жоқ әлде қалада қала ма оны өздері шешеді. «Негізі, жергілікті билік, яғни әкімдіктер медициналық колледждермен байланыс орнатып, мамандарды өздеріне шақыра алады. Сөйтіп, ауылдың медицинасын көтеруге мүмкіндік бар. Сосын қазіргі фин моделі бойынша қолға алынған шаралар болашақта барлық республикаға таралады. Демек, ол тәжірибе ауылға да жетеді», - деп атап көрсетті Т.Сұлтанғазиев. 

4 пікір

Пікір қалдыру

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар