14 қаң, 2020 сағат 12:15

Атырау қаласының әкімі қызметінен кетті

Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы қызметінен босытылды, – деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

 «14 қаңтар күні қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиын барысында Атырау қаласы әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы әріпестеріне ризашылығын білдіріп өз еркімен қызметтік уәкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді» делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетсек, Алимұхаммед Құттұмұратұлы Атырау қаласының әкімі лауызымын 2018 жылдың 28 маусым айынан бастап атқарып келген болатын. Қала әкімі өз еркімен қызметін тоқтатуына байланысты Атырау қаласы әкімінің уақытша міндетін қала әкімінің орынбасары Бауыржанұлы Ринат Жанғылышов атқаратын болады.