#
#
Жексенбі 22/09/2019

Әлеуметтік төлемдерге арналған бюджет шығыстары қай көлемде артады

  • 12.09.2019
  • 0
  • 133

Алдағы үш жылдық кезеңде әлеуметтік блоктың шығыстары 18,2 трлн теңгені құрамақ.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстыру барысында ҚР бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республикалық бюджеттің шығыстары 2020 жылы ағымдағы жылдың жоспарымен салыстырғанда 809 млрд. теңгеге өсіп, 12,7 трлн.теңгені құрайды (2021 жылы - 13,2 трлн теңге, 2021 жылы – 13,6 трлн теңге). Бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталды. Үш жылдық кезеңде әлеуметтік блоктың шығыстары 18,2 трлн теңгені құрайды, оның ішінде 2020 жылға 5,7 трлн теңге немесе шығыстардың жалпы көлемінің 44,7 пайызы. 2022 жылға қарай бұл көрсеткіш 47,6  пайызды құрайды», - деді Б. Шолпанқұлов.

Әлеуметтік шығыстардың негізгі үлесі әлеуметтік қамсыздандыруға және ел азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетуге келеді. Мәселен, жоспарланған кезеңде осы бағытқа 11 трлн теңге жоспарланған, оның ішінде  3,4 трлн теңге 2020 жылға тиесілі. Аталған шығыстардың елеулі үлесін әлеуметтік төлемдер құрайды, оған үш жылдық кезеңге 10,7 трлн теңге, оның ішінде 2020 жылы – 3,3 трлн теңге көзделген. 2019 жылғы деңгейге қарағанда әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар 304,4 млрд теңгеге ұлғайды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар