02 нау, 2017 сағат 08:40

Ақорда БҰҰ-мен ынтымақтастықтың ширек ғасыр толуына орай суреттер жариялады

Ақорда Facebook желісінде Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ-мен ынтымақтастықтың ширек ғасыры атты тақырыбында әр жылдарда түскен суреттерін жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Осыдан тура 25 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымының толық құқылы мүшесі болды. Бұл туралы 1992 жылғы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының тиісті қарары (46/224) шыққан болатын", - делінген ҚР Президентінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Елбасының әр жылдарда БҰҰ Бас хатшыларымен кездесуі кезінде түсірілген бірнеше фотосуретті Facebook желісінің пайдаланушылары назарына ұсынылған.