#
#
Сейсенбі 25/02/2020

Әкім лауазымын «сатып алмақ» болған жамбылдық шенеунік жұмысынан қуылды

  • 23.01.2020
  • 0
  • 225

Әкім лауазымын «сатып алмақ» болған Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменовтің ісі қаралды. Ол жергілікті кәсіпкерлердің бірімен телефон арқылы байланысып, аудан әкімінің қызметін «сатып алу» жөнінде сөйлескен.

Мейіржан Сүлейменовтің өзі бұл жай ғана достар арасындағы әзіл әңгіме болғанын айтты.

Өңір әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында М. Сүлейменов атқарып отырған қызметінен босатылды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар