#
#
Сейсенбі 10/12/2019

Агенттік квазимемлекеттік секторлардағы жемқорлық туралы айтты

  • 15.11.2019
  • 0
  • 476

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі квазимемлекеттік сектордағы жемқорлық фактілері туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі таңда еншілес компанияларды есепке алмағанда барлық облыста және республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істеп тұрған 58 субъект бар», - деді агенттік төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдолла.

Оның айтуынша, квазимемлекеттік сектордағы қаржылық айналым 2019 жылы 33 трлн теңгеден асып, елдің Жалпы ішкі өнімінің 59,7 пайызын құраған. Осыншама қыруар қаражат айналымына кейбір басшылар мен қызметкерлер сұғын қадайтын көрінеді

«Жұмыстың күрделілігі мынада: аталған секторда ұйымдастырушы-таратушы және әкімшілік шаруашылықты атқаратын ұйым басшыларының өзі жемқорлық субъектісіне айналып шыға келеді», - деді ол.

Осыған байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайта құрылар кезде жаңа Департаментті ашу туралы шешім қабылданған. Оның негізгі міндеті – квазимемлекеттік секторда жемқорлық қылмыстарының жолын кесу.

Спикердің хабарлауынша, жыл басынан бері Агенттік аталмыш салада 132 қылмысты ашқан. Ол қылмыстарға қатысты 69 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 103 іс сотқа жолданды. Көбінесе аталмыш салада мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруда лауазымын асыра пайдаланып, пара алу жағдайы жиі кездеседі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар