01 нау, 2019 сағат 09:18

Абайдың «Жаңа закон» өлеңі табылды

Абайдың «Жаңа закон» өлеңі табылды. Бұл туралы «Руханият» клубының жетекшісі, ақын Алмахан Мұхаметқалиқызы хабарлады.

«Елбасының «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясына сай келген қазақ руханиятына сүбелі бір үлкен үлес қосылды! Абай шығармашылығының жаңа белесін толтырған елеулі жаңалықты Семейлік ғалым Асан Омаров тапты. Осы жаңалықты ести салысымен Астана қаласындағы №81 шет тілдер мектебінің «Руханият» үйірмесі ғалымның жаңалығын бөлісіп, өлеңнің қалай табылғаны жөнінде жас ұландармен бірге танымдық сабақ өткізеді», дейді Алмахан Мұхаметқалиқызы. 

Ғалым Асан Омаровпен кездесу, танымдық сабақ 1 наурыз күні, сағат 15- те, Жағалау шағын ауданы, І.Омаров көшесі  2, №81 шет тілі мектебінде өтеді.

«Елге тарап үлгермеген рухани-әдеби жаңалықпен бөлісу мүмкіндігі, ақпарат құралдары өкілдерінің ғалыммен сұхбаттасуы, жаңалықты елмен бөлісуі үшін ертең аталған уақытта барлық ақпарат құралдары өкілдерін аталған мекен-жайда, көрсетілген уақытта күтеміз», дейді кездесу кешін ұйымдастырушылар.