#
#
Жұма 22/11/2019

Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамы бекітілді

  • 26.08.2019
  • 0
  • 5892

Мемлекет басшысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап. 

***

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы

2020 жылы  Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық  және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау  және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) қосымшаға сәйкес құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасын Мемлекеттік  комиссияның   қарауына 2019 жылғы 1 қазанға дейін енгізуді қамтамасыз етсін. 

4. Мемлекеттік комиссия:

1) Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды 2019 жылғы 1 қарашаға дейін бекітсін;

2)  осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

5. «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 55 Жарлығының 1-тармағы 1), 2) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын.  

6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының       

            Президенті 

Қ. Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 26 тамыз

             № 134

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2019 жылғы 26 тамыздағы

№  134 Жарлығына

ҚОСЫМША

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау

және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның

ҚҰРАМЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі, төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығының меңгерушісі, комиссияның  хатшысы

комиссия мүшелері:

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары

«Nur Оtan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

Мемлекеттің өңірлік саясаты саласындағы жұмысқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі

Алматы қаласының әкімі

Шымкент қаласының әкімі

Ақмола облысының әкімі

Ақтөбе облысының әкімі

Алматы облысының әкімі

Атырау облысының әкімі

Батыс Қазақстан облысының әкімі

Жамбыл облысының әкімі

Қарағанды облысының әкімі

Қостанай облысының әкімі

Қызылорда облысының әкімі

Маңғыстау облысының әкімі

Павлодар облысының әкімі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

Түркістан облысының әкімі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы

Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары

«Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

«Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Абай» ғылыми-зерттеу институтының директоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)

Әуезов Мұрат Мұхтарұлы – мәдениеттанушы, қоғам қайраткері (келісім бойынша)

Есім Ғарифолла Есімұлы – абайтанушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Қасейінов Дүйсен Қорабайұлы – Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) бас директоры  (келісім бойынша)

Қыдырәлі Дархан Қыдырәліұлы – Халықаралық Түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы  басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

Сатаев Ахан Қарғамбайұлы – кинорежиссер, сценарист, продюсер (келісім бойынша)

Сейсенбаев Роллан Шәкенұлы – абайтанушы, жазушы, драматург (келісім бойынша)

Сүлейменов Олжас Омарұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, ақын, қоғам қайраткері (келісім бойынша).

Теги: Жазушылар одағы, мерейтой, 175, қаулы, Мемлекет басшысы, рухани жаңғыру, Елбасы, поэзия, Абай

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар