#
#
Cәрсенбі 20/11/2019

«Абай» және «Әл-Фараби» мемлекеттік сыйлықтары тағайындалады

  • 30.10.2019
  • 0
  • 85

2020 жылы алғаш рет «Абай» және «Әл-Фараби» мемлекеттік сыйлықтары табыс етіледі. Бұл туралы бүгін Абайдың 175 және Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік біріккен комиссия отырысында белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Комиссия отырысында жазушы Роллан Сейсенбаев «Абай» және «Әл-Фараби» мемлекеттік сыйлықтарын тағайындауды ұсынған еді.

«Абай жылы болғандықтан «Абай» сыйлығын беру керек. Ол үлкен, мықты сыйлық болсын. Ғалымдарға «Әл-Фараби» сыйлығын беру қажет. Бұл Абай мен Әл-Фарабиға түкте қажет емес. Ол бізге керек», - деді жазушы.

Осы орайда, отырысқа төрағалық етіп отырған ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысының тарапынан бұл бағытта арнайы тапсырманың болғанын айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бізге келесі жылы міндетті түрде «Абай» атындағы және «Әл-Фараби» атындағы мемлекеттік сыйлықтар тапсыру туралы тапсырма берді. Сіздің ойлаған ойыңызды Президент бізге нақты тапсырма ретінде берген. Сондықтан бұл мәселе өзі шешімін тауып отыр», - деді Қ.Көшербаев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар