#
#
Жексенбі 22/09/2019

2024 жылы Қазақстанда 100 млн тонна мұнай өндіріледі

  • 12.09.2019
  • 0
  • 72

2020 жылы мұнай өндіру көлемі 90 миллион тоннаға жетеді.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде елдің 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша баяндаған ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мұнай өндіру көлемі 2020 жылы 90 миллион тоннаға, 2024 жылы 100 миллион тоннаға дейін өседі. Өндірудің өсуі Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарын кеңейту, сондай-ақ теңіздегі кен орындарын пайдалануға беру есебінен болады», - деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, номиналды жалпы ішкі өнім 2020 жылы 75 триллион теңгені, ал 2024 жылы - 106 триллион теңгені құрайды.

«Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2020 жылы 10,5 мың долларды құраса, 2024 жылы ол 14,3 мың долларға дейін ұлғаяды. 2020-2021 жылдары инфляцияның жылдық нысаналы дәлізі 4,0-6,0% деңгейінде сақталды. Ал 2022-2024 жылдары ол дәліз 3,0-5,0% шегінде болады», - деді Мәди Такиев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар