#
#
Жұма 03/04/2020

2022 жылдан бастап біріккен әлеуметтік төлем енгізілуі мүмкін

  • 11.02.2020
  • 0
  • 322

2022 жылдан бастап елімізде біріккен әлеуметтік төлем енгізілуі мүмкін. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына орай ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі уақытта Еңбекақы төлеу қорына (ЕТҚ) түсетін жүктеме номиналды мәнде 31 пайызды құрайды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде және Қазақстанда ЕТҚ-ға тиімді жүктеме бойынша жүргізілген салыстырмалы талдау Қазақстандағы тиімді мөлшерлеме 25,5 пайызды құрайтынын көрсетті. Бұл ЭЫДҰ елдеріндегі жүктеменің орташа мәнінен 10 пайызға төмен», - деді Үкімет басшысы.

Осы ретте Асқар Мамин ҚР Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес Үкіметке әлеуметтік және зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету, сондай-ақ бизнестің дамуын ынталандыруды сақтау үшін бизнестің әлеуметтік аударымдарын жинау көлемі мен тетіктері бойынша шоғырландырылған шешім әзірлеуге тапсырма берілгенін атап өтті.

«Осы мақсатта 2022 жылдан бастап әлеуметтік салықты, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды және жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын қамтитын біріккен әлеуметтік төлемді енгізу туралы ұсыныс қаралуда. Жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын есептеуді және төлеуді өзгеріссіз қалдыру ұсынылады. Жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын және біріккен әлеуметтік төлемді төлеу «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-да бірыңғай төлем құжатымен жүргізілетін болады. Осылайша, ұсынылып отырған біріккен әлеуметтік төлемді енгізу ЕТҚ-дан түсетін салық пен төлемдерді есептеуді едәуір жеңілдетеді. Өйткені жарналарды есептеу кезінде қолданылатын әртүрлі шегерімдер алып тасталады», - деді Премьер-Министр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар