#
#
Сейсенбі 23/04/2019

11 айда шетелге 7 миллиард доллар аударылған

  • 20.01.2019
  • 0
  • 1105

Былтыр жеке тұлғалар елімізден шетелге 7 миллиардтай доллар аударған, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2018 жылдың 11 айында жеке тұлғалар шетелдерге 7 млрдтай доллар аударған. Ал, келіп түсетіні 2 миллиардқа да жетпейді. Сыртқы жіберілетін ақша негізінен елімізде жұмыс істеп жүрген еңбек мигранттарының аударымдары. Капиталдың көп бөлігі дәлірек айтсақ, 61,3 пайызы Ресейге, Түркия, АҚШ, Өзбекстан, Швейцария және Қытайға жіберіледі.

Швейцарияға ақша жіберушілердің 80 пайызы өздерінің есепшоттарына аударса, Өзбекстанға керісінше, қайтарымсыз төлемдер жасалады.

Мигранттар мәселелері бойынша халықаралық ұйымның үйлестірушісі Деян Кесерович: "Қазір Қазақстанда 2 миллионнан астам еңбек мигранттары жұмыс істейді. Олардың бір миллионы бұл елде заңды түрде еңбек етіп жатса, тағы бір миллионы мұнда заңсыз жұмыс істейді", - дейді.


0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар