28 мау, 2019 сағат 07:55

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы жұмысын бастады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырысқа Сенаттың 49 депутатының 46-сы, ал 107 депутатының 104-і қатысып жатыр. Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, ҚР Жоғарғы сотының және Орталық сайлау комиссиясының төрағалары, Үкімет мүшелері, Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің жауап қызметкерлері шақырылды.

Бірлескен отырыста алтыншы сайланған Парламент төртінші сессиясының жұмысын ұзарту тақырыбы қаралуда. Еске сала кетейік, жақында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.   

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 28 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын» делінген құжатта.