Youtube әлеуметтік желісіндегі Abai TV арнасында тұрақты түрде ұсынылатын "Үркер" әдеби-танымдық бағдарламасының бұл жолғы шығарылымында танымал қаламгер, ақын Ақберен Елгезектің "Болмаған балалық шақ" повесі туралы әңгіме өрбіді.
Америкалық Perseverance ровері Марс бетіне сәтті қонды. Қону сәті АҚШ аэроғарыш агенттігі (NASA) сайтында тікелей эфирде көрсетілді. Ғаламшар бетінде жүре алатын көлік тіршілік белгілерін іздеп көреді және топырақ үлгілерін жинайды. Ол үлгілер кейін Жерге жеткізіледі.
Әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Бесбаев қазіргі қазақ қоғамы жайлы және Димаш Құдайбергенге қатысты айтқан пікіріне түсінік берді.
"ULT – KEŃES" жобасының жаңа шығарылымының қонағы - "Байтақ-Болашақ" экологиялық альянсының төрағасы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Азаматхан Әміртай.