Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин темекі өнімдеріне арналған акциздер мөлшерлемелерін айқындау кезінде нарықтың өзгеруіне жедел ден қою Қазақстанның мүдделерін сақтауға да, ЕАЭО-ның тиісті келісімі шеңберінде еліміздің міндеттемелерін орындауға да ықпал етеді деп есептейді.