14 қаз, 2016 сағат 11:43

Жазушы Сайын Мұратбековтің туғанына 80 жыл толды

- Талдықорғанда қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанырының хас шебері, классик жазушы Сайын Мұратбековті еске алуға арналған кеш өтті.

Халыққа «Жусан иісі», «Жабайы алма» шығармаларымен жақсы таныс ұлы тұлға тірі болғанда қазанның 15-і күні 80 жасқа толар еді. Сайын даланың Сайыны деп ардақталған жазушы прозасы алтын ғасыр әдебеиетінің маржанына теңелген. Кешке жиналған белгілі сөз зергерлері Мұратбеков мұраларының ерекшеліктерін ел алдына шығып әңгімеледі. Олардың қатарында Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, филология ғылымдарының докторы Ләззат Дүйсенбекова және Сайын Мұратбековтің ұлы Әлім Мұратбеков бар.

Сайын Мұратбеков тек жазушы емес, қоғам қайраткерi. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнде жауапты қызмет атқарды. «Жазушы» баспасының директоры, «Қазақ әдебиетi» газетiнiң бас редакторы бола жүрiп, Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінде депутат болып сайланды. Тәуелсіздік жылдары кеудесіне «Құрмет белгісі» орденін тақты. М. Әуезов атындағы әдеби сыйлыққа ие болды. Ал қайтыс болатыннан бір жыл бұрын 2006 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.

Сондай-ақ кеште облыстық драма театр әртістері жазушы әңгімелеріннен үзінді келтіріп, қойылым арқылы жұрт назарына ұсынды. 

ҚазАқпарат