24 нау, 2023 сағат 20:33

Тоқаев "Газпром" төрағасын қабылдады

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы «Газпром» компаниясының басқарма төрағасы Алексей Миллерді қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Газпром» компаниясының басқарма төрағасы Алексей Миллермен энергетика саласындағы өзара іс-әрекеттің басым бағыттарын талқылады.

Сондай-ақ кездесу барысында газ саласындағы бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселесі қарастырылды.