08 мау, 2023 сағат 16:48

Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында елімізде энергетика, көлік-транзиттік тасымал, «жасыл» экономика, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны іске асыру перспективалары талқыланды.

Олар Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы қызметінің перспективалары мен алдағы ынтымақтастықтың басым бағыттары жөнінде пікір алмасты.