22 қар, 2019 сағат 11:56

Сенатор Дана Нұржігітова көшбасшы әйелдердің жаһандық форумына қатысты

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігітова Исландия астанасында өткен көшбасшы әйелдердің жаһандық форумына қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Палатаның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, форумға әлемнің түкпір-түкпірінен саяси, бизнес, академиялық қауымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ UN Women ұйымынан барлығы 500-ге жуық өкілдер қатысты.

«Women Political Leaders» қоры, Исландия Үкіметі мен Парламенті ұйымдастырған шараның негізгі мақсаты – ең үздік тәжірибелерді алмасу, күн тәртібіндегі гендерлік мәселелерді, оның ішінде саяси шешімдер қабылдаудағы, жанжалдарды болдырмау және реттеудегі әйелдердің рөлін ілгерілету.

Шара аясында Д.Нұржігітова Альтинг (Исландия Парламентінің) төрағасы Стейнгримур Сигфуссонмен және басқа да елдер парламенттерінің өкілдерімен кездесті.

Көшбасшы әйелдердің жаһандық форумы 2017 жылдан бері жыл сайын әлемдегі ең солтүстік астана - Рейкьявикада өтіп келеді.