21 қаз, 2020 сағат 10:41

Пәкістанның Жалалабадтағы консулдығында болған кептелісте 15 адам қаза тапты

Пәкістанның Жалалабад қаласындағы (Ауғанстанның Нангархар провинциясының әкімшілік орталығы) консулдығы жанында орын алған адамдар кептелісінің салдарынан кем дегенде 15 адам қаза тауып, тағы 10-нан астамы жарақат алды. Бұл туралы Al Jazeera телеарнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, 20 қазан күні 3 мыңға жуық ауғандық азамат виза алу үшін консулдықтың жанында жиналған. Әзірге анықталмаған себептермен кептеліс орнаған. Қаза болғандар арасында кем дегенде 11 әйел бар. 

Пәкістан консулдығының ресми өкілдері әзірге бұл жөнінде ешқандай түсініктеме берген жоқ.