01 қыр, 2016 сағат 10:55

Н.Назарбаев: Парламент депутаттары жаңа сессияда 50-ден астам заң қабылдайды

Парламент депутаттары бұл сессияда 50-ге жуық заң қабылдайды. Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Бұл туралы Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жаңа сессия аясында сіздерге шамамен 50 заң жобасын талқылап, қабылдау міндеті тұр. депутаттардың өздері ұсынып, Үкімет қолдаған жаңа 7 заңды қабылданады. Бұл өте маңызды бастамалар, бұл бастамалар депутаттық корпусымыздың жоғары кәсібилігіне дәлел бола алады», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы өткен сесссия аясында қабылданған 28 заң жобасы бойынша қазіргі уақытта талқылау процесінің басталғанын еске салып өтті.

«Үкіметтің 2016 жылға арналған заң жобалау жұмысы жоспарына сәйкес, Мәжіліс қарауына 4 жоба енгізілді, ал 7 жоба жыл соңына дейін енгізілетін болды. Бірқатар заң жобасын Үкімет жоспардан тыс тәртіппен ұсынады. Толықтай алғанда, депутаттық корпусқа біздің қоғамымыздың өміріндегі маңызды бағыттарды заңнамалық шешу бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр», - деді Елбасы.

Ұлт порталы